Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Токио әуежайының дәретханаларында смартфонға арналған қағаз пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио әуежайының дәретханаларында смартфонға арналған қағаз пайда болды. Жолаушылар оны телефонын тазалап, залалсыздандыру үшін пайдалана алады, деп жазады «Хабар 24».

Токио әуежайының дәретханаларында смартфонға арналған қағаз пайда болды

Қағазда сондай-ақ Wi-Fi желілері мен, саяхатшыларға қажетті қосымшалар жайлы ақпарат жазылған. Кейбіреулер бұл жаңашылдыққа аң-таң болса, басқалары әзілмен қарап жатыр.

Жалпы жоба авторларының мұндай қызмет түрін ұсынуы бекер емес. Айтуларынша, ұялы телефонның бетінде әжетхана отырғышына қарағанда бактериялар 5 есеге көп болады.

«Біраз пайдалы ақпарат алдым. Өйткені бұған дейін смартфон бетінде мұншама көп бактерия болатынынан бейхабар екем. Дәретханадағы қағаз телефон бетін тазартумен қатар туристердің қажетті мағлұмат алынуына да мол мүмкіндік береді», - дейді АҚШ-тан келген турист Брайан Омбонга.