Токио, Бангкок, Мальдив аралдары: Air Astana қысқы рейстерін көбейтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 25 қазаннан 27 наурызға дейін әуекомпания күзгі-қысқы кестемен ұшады. Бұл маусымда жолаушыларға жаңа бағыттар мен танымал бағдарларға қосымша рейстер қосылады. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Токио, Бангкок, Мальдив аралдары: Air Astana қысқы рейстерін көбейтеді
Фото: Air Astana

Жаңа бағыттар:

Алматы — Токио (Жапония) — 30 қарашадан бастап, аптасына екі рет.
Астана — Бангкок (Тайланд) — 11 желтоқсаннан бастап, сейсенбі және жұма күндері.
Алматы — Лангкави (Малайзия) — 25 желтоқсаннан бастап, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.
Алматы — Салала (Оман) — 23 қазаннан бастап, жұма күндері.
Астана — Салала (Оман) — 24 қазаннан бастап, сенбі күндері.

Мына маусымдық рейстер қайта жанданады:

Алматы — Мале (Мальдив аралдары) — аптасына алты рет, ал Жаңа жыл мерекесі мен Наурызда аптасына жеті рейске дейін көбейеді.
Алматы — Фукуок (Вьетнам) — аптасына бес рет, желтоқсаннан бастап күн сайын.
Астана — Фукуок (Вьетнам) — аптасына үш рет.

Танымал бағыттарда рейстер жиілігі артады:

Алматы — Дубай — аптасына 12 рейске дейін.
Астана — Дубай — аптасына 10 рейске дейін.
Алматы — Бангкок — аптасына 7 рейске дейін.
Алматы — Пхукет — аптасына 7 рейске дейін.

Жаңа рейстерге Airbus A320neo және A321LR заманауи ұшақтары ұшады.

— Сапар кестесі өзгеруі мүмкін, рейс күйін сайттан немесе Air Astana мобайл қолданбасынан қарап отыруларыңызды өтінеміз, — деп хабарлады әуе компаниясынан. 

Айта кетейік, келесі жылы Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін. Қазір еліміз АҚШ-қа ұшуға қажетті рұқсат алуға дайындалып жатыр.