Токио губернаторы даулы Сенкаку аралын сатып алмақ

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Токио әкімшілігінің өкілдері Жапония мен Қытай арасындағы аумақтың кімге тиесілі екені жөніндегі дипломатиялық кикілжіңнің себебіне айналған үш елсіз аралдан су үлгілерін жинап, фотосуретке түсіруді бастады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Токио губернаторы даулы Сенкаку аралын сатып алмақ

25 адамнан құралған команда катермен Сенкаку аралдарына жақындап қалды. Токио губернаторы Исихара Синтаро аралдарға жапон бақылауын нығайту үшін оларды жеке меншік иелерінен сатып алмақшы.

Алайда Жапон билігі Қытаймен жанжалды ушықтырмау үшін токиолық команданың аралға аяқ басуына рұқсат бермей отыр.