11:46, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Токио қаласына жақын жерде 5,8 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Сенбі күні Жапониядағы ең ірі Хонсю аралындағы Канто аймағында 5,8 балдық қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып РИА жаңалықтар агенттігі.
Жергілікті уақыт бойынша 11.19 -да ( Мәскеу уақыты бойынша 06.19) тіркелген жер дүмпуі Токио қаласының солтүстігінен небәрі 83 шақырым алыстықта болған. Жер сілкісінің ошағы 20,1 шақырым тереңдікте деп тіркелген.
Қаза тапқандар мен жер сілкінісінен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түскен жоқ. Жапонияның метеорологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, цунами қауіпі жоқ.