Токио көшелерінде үш дөңгелекті Toyota жүретін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota Motor Corporation компаниясы жақын арада Токио көшелеріне тіпті жапондық өлшемдер бойынша да тым ерекше көлік құралы - i-Road көлігінің шығатыны туралы мәлім етті.
None
None

Көлікті құрастырушылардың айтуынша, онда мотоциклдің ыңғайлылығы мен автомобильдің жайлылығы үйлесім тапқан, деп жазады popmech.ru. i-Road 2013 жылы Токио автосалонында көрсетілген прототипінің негізінде құрастырылған. Аса ықшам бұл көлік қала ішінде жақын ара қашықтықтарға жол жүруге арналған. Айта кетейік, i-Road алғашқы қысқаша тестілеу сынақтарынан Токио қаласында наурыз айының басында өткен. 24 наурыздан бастап маусым айының басына дейін Жапония астанасында ендігі өтетін тестілердің мақсаты - электромобильдің күнделікті пайдалануда қаншалықты тиімді екенін анықтау болмақ. 10 i-Road-ды тестке қатысушы қатардағы жүргізушілер де, салалық сарапшылар да - жалпы саны 20 жүргізуші сынақтан өткізбек.

Соңғы жаңалықтар