Токио марафонына 37 мың адам қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы Токио марафонына 37 мың адам қатысты. Бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлады ТАСС.

Токио марафонына 37 мың адам қатысты

Ерлер арасында 2 сағат 6 минут 56 секунд көрсеткішімен Эфиопия өкілі Фейиса Лилеса жеңіске жетті. Әйелдер арасында Кения спортшысы Хелах Кипроп (2:21.27) үздік атанды.

Токиода марафонды өткізу үшін қаланың басты аудандарындағы - Синдзюку, Асакуса, Гиндза , тіпті, жасанды Одайба аралындағы негізгі жолдар жабылды.