07:31, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Токио: Марина Аитова қола еншіледі
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияның Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлемдік IAAF Hammer Throw Challenge турнирінде қазақстандық Марина Аитова биіктікке секіру бәсекесінде үшінші орын алды,

деп хабарлайды «Аламан».
Алтын медаль Лондон олимпиадасының чемпионы ресейлік Анна Чичероваға бұйырды. Күміс поляк Камила Степанюктің еншісінде. Аитова мен Степанюк 1,92 метрді бағындырған. Бірақ Польша спортшысы бұл биіктікке бірінші талпынысында, ал Аитова екінші секірісінде қол жеткізді.