Токио Олимпиадасы тікелей эфирден көрсетілетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөз нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.
Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.
Айта кетейік, осы сәтте «Qazaqstan» және «Хабар» арнасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар