Токио Олимпиадасына ең қымбат билеттердің бағасы қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті алдағы жылдың басты спорттық оқиғасына премиум санаттағы билеттердің бағасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониялық агенттіктің мәліметінше, Токиодағы жазғы Олимпиадаға сатылатын премиум санаттағы билеттердің ең қымбаты 6,35 млн иен (шамамен 60 мың АҚШ доллары) тұрады. Билет құнына жоғары санатты ас мәзірі, ашылу және жабылу салтанатына кіру кіреді. Ұйымдастырушылар ең қымбат билеттерді сатып алуға өтініштерді қабылдауды осы айдың соңында бастауды жоспарлап отыр. Ең толық жиынтықтағы билеттердің иелері 11 олимпиадалық жарысқа кіре алады. Оларға жеңіл атлетикадан - финал, ерлер арасында 100 және 400 метрге эстафета жатады.

Премиум-билеттің иегерлері мейрамханалық қызмет кіретін керемет лаундж-зонаға орналасып, Олимпиада ойындарын тамашалайтын болады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар 1,8 млн иенге тек ашылу және жабылу салтанатын тамашалауға мүмкіндік беретін билеттерді ұсынады.

Жапонияның шамамен 5,12 млн тұрғыны 2020 жылғы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарына билеттерді сатып алып қойған.

Татьяна Кудренок

Соңғы жаңалықтар
telegram