Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Токиода 1962 жылдан бері алғаш рет қарашада қар жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токиода 1962 жылдан бері алғаш рет қарашада қар жауды. Кенеттен жауған қар қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына кері әсерін тигізген. Токиоға осы апта түскен қар аномалды суық фронт деп жарияланды, деп жазады Би-Би-Си.

Токиода 1962 жылдан бері алғаш рет қарашада қар жауды

Ауа температурасы нөл градус Цельсийге жеткен. Әдетте астанадағы температура қараша айының соңында - 10-17 градус болған.

Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, метеоқызмет тұрғындарға көктайғақ пен электр сымдары мен ағаштарға мұз қататыны жайлы ескертуде.

Токиода әдетте қар қаңтар немесе ақпан айында жауады. Түскен қар тез арада еритін.