Токиода бұрын-соңды болмаған қалың қар жауды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның астаналық аймағында толассыз жауған қардың қалыңдығы осыдан 45 жыл бұрынғы рекордтан да асып түсті.
Қардың қалыңдығы 27 сантиметрге жетті, деп хабарлады жексенбі күні елдің ұлттық метеорологиялық басқармасынан.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, 3 адам қаза тауып, 500-ден астам тұрғын жарақаттанған. Сондай-ақ бірнеше теміржол және автобус рейстері кейінге шегерілген. Ал күре жолдарда кептелген машиналар тізбегі бірнеше шақырымға созылды.