Токиода Қазақстанның тау металлургиялық жобаларының тұсауы кесілді
Жапониядағы ҚР елшілігінің Жапония ұлттық мұнай, газ және металл корпорациясымен (JOGMEC) бірлесе ұйымдастырған шарасына металлургия саласындағы 40-тан астам қазақстандық және жапониялық компаниялардың өкілдері қатысты.
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ бас геологы Берікбол Хамзин семинар қатысушыларына кен және өндіріс орындарына барлау жасау құқығына ие болу үшін қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеуді жеңілдету және жылдамдатуға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі ҚР заңнамаларына енгізілген жаңалықтар жайлы айтты.
Шара барысында Жапонияның іскерлік ортасы «Қазгеология» АҚ жүзеге асырған біршама қызықты геологиялық барлау жобаларымен танысты. Семинар қатысушылары шетелдік инвесторларды тартуға арналған Қазақстан үкіметі қабылдаған шараларды талқылады. JOGMEC атқарушы директоры Такафуми Цуджимото Қазақстан тарапына жобалар таныстырылымы үшін алғыс білдіріп, оларды бірге жүзеге асыруға қызығушылық танытты.