Токиода кітап құмарлар үшін ерекше қонақ үй ашылады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қараша күні Жапония астанасы Токио қаласында «Кітап және төсек» (The Book and Bed Hostel) деп аталатын қонақ үй ашылады, деп жазады «Моя планета» телеарнасы.
None
None

Хостелдегі бөлмелерде 1700-ге жуық ағылшын және жапон тілдеріндегі кітаптар мен комикстер болады. Кей нөмірлерде биік сөреден саты арқылы кітаптар алуға мүмкіндік жасалған. Қонақтарға ұзындығы 200 см, ені 80 см болатын қуыс беріледі. Онда сол сөреде тұрған кітаптармен «ұзаққа» бармай танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар