Токиода мыңдаған жапон конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода ел парламенті ғимаратының алдында мыңдаған адам наразылық шарасына жиналды. Олар Жапон армиясының мемлекет шекарасынан тыс жерлердегі әскери іс-қимылдарға қатысуына рұқсат ететін заңның қабылдануына қарсылық танытты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
None
None

Наразылық акциясына ел премьер-министрі Синдзо Абэнің реформаларына күманмен қарайтындар: негізінен, жастар, студенттер қатысты. Олар Жапонияның соғыс, зорлық-зомбылыққа қарсы конституциясының сақталуына мүдделі. Полиция митингті таратқан жоқ. Олар тек, сапқа тұрып, жиналғандарға жол-көлік қозғалысына кептеліс туғызбау үшін топырламауды сұрады.

Соңғы жаңалықтар