Токиода Олимпиада алауының эстафетасы аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. КАЗИНФОРМ –Жапонияда олимпиада алауы эстафетасының соңғы кезеңі аяқталды. Аталған оқиғаға қатысты салтанатты рәсім Токио мэриясы ғимаратының жанында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Токиода Олимпиада алауының эстафетасы аяқталды

Эстафетаның соңғы бөлігі 9 шілдеде басталып, 15 күнге созылды. Коронавирусты инфекцияның өршуіне байланысты алау эстафетасы көрермендердің қатысуынсыз, жабық режимде өтуде.

Осыдан соң Олимпиада алауы ойынның ашылу салтанаты өтетін басты олимпиадалық аренаға жеткізіледі. Әзірге алауды кім жағатыны белгісіз.

Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.