Токиода өтетін Grand Slam турнирінде Қазақстаннан 11 дзюдошы бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – 7-9 желтоқсан күндері Жапония астанасы Токиода дзюдодан 2024 жылғы спорт маусымының соңғы Grand Slam кезеңі өтеді. 

Қазақстан дзюдо федерациясы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, үш күндік додаға әлемнің 46 елінен 282 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан әйелдер және ерлер құрама командаларынан барлығы 11 спортшы бақ сынайды.

Ерлер:

Дәурен Сүйеукенов (-60 кг),

Шерзод Давлатов (-60 кг),

Бақытжан Абдурахманов (-73 кг),

Жалғас Қайролла (-81 кг),

Мейірлан Максим (-90 кг),

Әділет Сапарғалиев (-100 кг).

Әйелдер:

Толғанай Әбеуова (-52 кг),

Дана Әбдірова (-57 кг),

Самалай Ерғалиева (-63 кг),

Назгүл Маратова (+78 кг),

Карина Такиева (+78 кг).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуропа кубогында озық шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар