Токиода өтуі тиіс мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты кейінге қалдырылды
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық мәнерлеп сырғанау спорты федерациясы әлем чемпионатын жоспарланған мерзімде өткізу-өткізбеу мәселесін талқылады.
Нәтижесінде, шараны кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Оған, көптеген елдердің өз азаматтарына Жапонияға әзірге сапар жасамау туралы беріп отырған кеңестері себеп болып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты Токиода 21-27 наурыздың аралығында өтуі керек болатын.