12:44, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Токиода шіркеуде жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон елі үшін қаза тапқан әскерлерге арналған Ясукуни шіркеуінде жарылыс болды, деп хабарлады құқық қорғау органдарына сілтеме жасап Keyodo агенттігі. Келушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Полиция деректеріне сүйенсек, жарылғыш зат ерлер дәретханасына қойылған. Жарылыс салдарынан ғимараттың төбесі мен қабырғасы зақымданды. Қазір оқиға орнында 100-ге тарта полиция қызметкері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Мамандар шіркеу кешенінің аумағын тексеруде. Жақын маңда тағы да жарылғыш зат болуы мүмкін деген күдік бар, полицейлердің айтуынша, жарылыс жоспарланған шабуыл болуы ықтимал, деп жазады РБК.