Токиода жаңбыр 34 күн қатарынан жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Токионың орталық бөлігінде жаңбыр 34 күн қатарынан жауды. Бұл – метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ұзақ жауын-шашын кезеңі, деп хабарлайды Kyodo.

дожди Китай
Фото: The Independent

Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, Токиодағы жауын-шашын 27 тамыздан бері толастамаған. Бұған аймаққа жақындаған тайфун, созылмалы күзгі жаңбырлы ағым және төмен қысымды аймақ әсер еткен.

2019 жылы жаңбыр 33 күн қатарынан жауып, ең ұзақ жауын-шашын кезеңі ретінде тіркелген еді.

Сейсенбі күні Жапонияның шығысы мен батысында да нөсер жаңбыр жауды.

Болжам бойынша, күзгі жаңбырлы ағымның ықпалы сақталып, елдің шығыс өңірлерінде жауын-шашын бейсенбіге дейін жалғасады.

Бұған дейін Жапонияда тайфуннан 12 адам қаза тауып, тағы үш адам із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын.