Токиодағы 2020-Олимпиадасына босқындар құрамасы қатысуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасында 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына әртүрлі ел мен аумақтардан жинақталған босқындар командасы қатысуы мүмкін. 

Токиодағы 2020-Олимпиадасына босқындар құрамасы қатысуы мүмкін

Ресейдің Олимпиада комитетіндегі дереккөз хабарлағандай, Халықаралық олимпиада комитеті бұл мүмкіндікті қарауда.

«Босқындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, - деп келтіреді "Интерфакс" агенттігі Ресей Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасын. - Әсіресе, Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына босқындар командасының қатысу мүмкіндігін талқылауда». Босқындарға арналған ХОК қолдау бағдарламасы туралы Катар мен Лихенштейннің олимпиада құрылымы жариялады.

Босқын-спортшылардан құралған құрама алғаш рет 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан еді. Команда құрамында ол кезде он спортшы болды, олар спорттың үш түрі бойынша бақ сынады.