Токиодағы кинофестиваль: Үздік фильмдер мен актерлердің есімдері аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль форумның үздік фильмдері мен актерлерінің есімдерін атап, Бразилия, Франция, Түркия және Данияның фильмдеріне алты награданы табыстады.
None
None

Бірден екі жүлде - 28-ші Токио халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесі - «Токио Гран При» мен әйелдердің үздік рөлі үшін награданы Бразилияда режиссер Роберто Берлинердің түсірген "Низе да Сильвейра: кейіптер сеньорасы " (Nise da Silveira: Senhora das Imagens) фильмі алды. Онда әйелдің бас рөлін актриса Глория Пирес сомдаған.

Режиссер Мұстафа Караның «Каландар суығы» фильмі де екі жүлде - Wowow телеарнасының наградасы мен үздік режиссерлық жұмыс үшін жүлдеге ие болды. Фильм Түркияда Қара теңіздің қасында тұратын отбасының өміріне арналған.

Қазылар алқасының ерекше сыйлығы Иранда туылған франциялық режиссер Кейроннің «Үшеуіміз немесе ештеңе де емес» ("Nous trois ou rien") атты автобиографиялық фильміне берілді. Бұл картина Париждегі ирандық эмигранттар туралы баяндайды.

Көркемдік үлес қосқаны үшін жүлдені режиссер Олмо Омерзудің «Отбасылық фильм» картинасы алды. Ер адамдардың үздік рөлі үшін сыйлық екі актер - Ролланд Мёллер мен Луис Хоффманға «Миналар елі» ("Under sandet") дат-неміс фильміндегі рөлдері үшін берілді. Бұл фильм Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Данияның жағалауында миналарды қазып жатқан неміс сарбаздары туралы баяндайды.

Токиодағы кинофестиваль Азиядағы ең ірі кинофорум болып табылады.

Соңғы жаңалықтар