Токиолық «ұшатын» қыз өзінің фотосуреттерін жариялады - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиолық Хаяши Натсуми есімді фотосуретші қыз «ұшып» бара жатқан сәттері түсірілген өте ерекше суреттер топтамасын жасап жаңа қырынан танылды. Бұл туралы talgam.kz сайты жазды.

Токиолық «ұшатын» қыз өзінің фотосуреттерін жариялады - ФОТО

Сайттың хабарлауынша, Х. Натсуми түсірлім кезінде ешқандай арнайы құрылғылар қолданбайды және суретті өңдеу үшін арнайы бағдарламалар пайдаланбайды. Суретші қыздың бұл құпиясы былай: аппаратты 10 секундтық таймерге қойып, өзі барынша емін-еркін секіреді.

Натсуми өзі өмір сүретін Токионың түрлі аудандарында өзінің осы жанрдағы сурет топтамаларын бірнеше рет сан түрлі қырынан жасаған.