Токионы 6,3 балдық жерасты дүмпуі сілкінтті
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда тағы да жер сілкінісі тіркелді. Токио тұрғындары қуаты 6,3 балдық жерасты дүмпулерін сезінді,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Токионың солтүстік-шығысына қарай Тынық мұхитында 30 шақырым тереңдікте болған. Оқиға салдарынан Токио метросының барлық желісі тоқтатылды. Оқиғаның басқа мән-жайы туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.