Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі 2008 жылғы көрсеткіштен асты
БІШКЕК. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Тоқтағұл су қоймасына ағып келетін судың жоғары деңгейінің сақталуы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда судың жинақталу көлемін арттыруға мүмкіндік берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KEGOC-тың іскерлік әріптесі болып табылатын «Электр стансылары» ААҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ағымдағы жылғы маусымның 22-сінде Орталық Азия аймағындағы негізгі гидротехникалық құрылыстардың біріндегі судың ағыны секундына 1 314 текше метрді құрады. Ол 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 143 миллион текше метрге артық.