11:33, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Тоқтар Әубәкіров - «Қазақстан темір жолы» компаниясы президентінің кеңесшісі
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - ҚТЖ президентінің кеңесшісі болып Тоқтар Әубәкіров тағайындалды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Тоқтар Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері. 1965 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныстың Армавир жоғары ұшқыштар авиациялық училищесіне оқуға түседі. Содан кейін М.Громов атындағы сынаушы ұшқыштардың Жоғары мектебін және Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітіреді.
Конструкторлық бюрода, ҚР аэроғарыштық Ұлттық агенттігінде мол тәжірибе жинақтаған. Техника ғылымдарының докторы. Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы. Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.