Тоқтар Төлешовке жалпылама 54 жылдың жазасы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов "Шымкентсыра" ЖШС-ның бұрынғы басшысы, Қазақстан Республикасында билікті күшпен басып алуға талпынды деген айып тағылған Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан жəне оны полковник атағынан айыру туралы үкім шығарды.

Тоқтар Төлешовке жалпылама 54 жылдың жазасы кесілді

"Тоқтар Жүсіпұлы Төлешовті ҚР Қылмыстық кодексінің  265-бабы, 3-тармағы бойынша 11 жылға; 266-бабы, 3-тармағы бойынша мүлкін тəркілеумен қатар 10 жыл бойы коммерциялық мекемелерде басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға; 179 бап, 3 тармағына сəйкес 15 жылға; 182 бабы, 3 бабына сəйкес мүлкін тəркілеумен қатар бес жыл бойы коммерциялық жəне жауапты ұйымдарда бес жылға дейін басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 15 жылға; 367-бабы, 2-тармағына сəйкес мүлкін тəркілеумен қатар 3 жылға бас бостандығынан айырып; Қылмыстық кодекстің 296-бабына сəйкес мемлекет пайдасына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзету  жұмыстарына жегу; 387-бабы, 1 тармағына сəйкес, мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша қайтаруға міндеттелсін. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-тармағына сəйкес, жоғарыдағы баптарды қоса отырып, Тоқтар Төлешовті мүлкін тəркілей отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылсын",-деді судья.

Тоқтар Төлешов жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ, судья Төлешовті "полковник" дәрежесінен және ҚР Президентінің қаулысымен берілген "Құрмет" орденінен айырады.