Тоқтар Төлешовтің сыбайластарына тағылған айып өзгеруі мүмкін

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша айыпталып жатқан мемлекеттік қызметшілер пара алу бабымен сотталмауы мүмкін. Сот отырысы кезінде прокурорлар салық басқармасының бұрынғы 4 қызметкеріне басқа баппен айып тағуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Тоқтар Төлешовтің сыбайластарына тағылған айып өзгеруі мүмкін

null

Сот талқылауы кезінде мемлекеттік қызметшілердің екі жыл бұрын пара алғаны туралы нақты дәлелдемелер табылмаған. Олар тергеу кезінде пара алдық дегенімен, оны дәлелдейтін куәгерлер де, бейне түсірілім де жоқ. Оның үстіне пара алу кезінде арнайы ұнтақ жағылған ақшалар болуы керек. Алайда тергеу құжаттарында мұндай ақшалар болғаны жөнінде көрсетілмепті. Тек бәрі ауызекі айтылған жауаптармен түзілген.
Сондықтан өңірдің прокурорлары Бас прокуратурамен келіскен түрде сотқа басқа айыптау актісін ұсынды. Онда айыпталушы төрт адамға тағылған айыптар  Қылмыстық кодекстің 366-бабы «Пара алу» бойынша емес, 361-бабының 2-ші бөлігі «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануға» өзгерту жөнінде ұсыныс берілген.  Бұл баппен кінәлі деп танылса, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер  мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Немесе  оларға төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жасауға,  төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалау қарастырылған.

null

Өз кезегінде, істі қарап жатқан судья Мырзалы Жорабаев жаңадан берілген айыптау актісімен танысу үшін оның көшірмесін қорғаушыларға берді. Сөйтіп кезекті сот отырысын келесі аптаға қалдырды.

null 

Еске салайық, «Сыра королі» Тоқтар Төлешов пен оның сегіз сыбайласына қатысты сот отырысы  10 шілдеде басталған болатын. Төлешовтің ісі бойынша айыпталып жатқан  Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері Гүлжан Бексейітова, Самат Алдабергенов пен бас мамандар Нұржан Қарақожаев және Мадияр Мұсаевтар бұған дейін  "пара алған" деп айыпталған еді. 

null