Тоқтату кранын жұлып алған жолаушы Алматы-Нұр-Сұлтан пойызын шұғыл тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Отар -Шу учаскесінде болды. Келеңсіз жағдай салдарынан пойыз маршруттан жеті минутқа кешігіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқтату кранын жұлып алған жолаушы Алматы-Нұр-Сұлтан пойызын шұғыл тоқтатты

Тексеру кезінде көлік полицейлері құқық бұзушыны ұстады. Ол 28 жастағы Қарағанды ​​облысының тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 560 бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Бұл бап бойынша пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынады.