Тоқтатылған әуе рейстері: Жолаушыларға билет құны қалай қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қандай елдерге әуе рейстері шектелгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқтатылған әуе рейстері: Жолаушыларға билет құны қалай қайтарылады

«Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарды», - деді Берік Қамалиев Үкімет отырысында.

Вице-министр, сонымен қатар «Mahan Air» әуе акомпаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылғанын (аптасына 1 рейс) жеткізді.

«Сонымен қатар, 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы - Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін шектеп жатырмыз. Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін шектеледі», - деді ол.

Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты билеттері бар жолаушылар 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады.