Төл инновациясы болмайынша «Самұрық-Қазына» өз өнімділігін арттырып, әлемдік нарыққа шыға алмайды - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» еліміздегі жеке сектордың дамуына жағдай жасау керек. Төл инновациясы болмайынша Қор өз өнімділігін арттырып, әлемдік нарыққа шыға алмайды», - деді Елбасы Н.Назарбаев Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форум барысында.
Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.
Сондай-ақ, «ҚазПочта» мен «Кегок» тиімділігі төмен желілік компания деңгейінде қалып отыр», - деп баға берді Президент.