Төл тарихын білетін халықтың болашағы зор - Салтанат Ақселеуқызы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы рухани мәселелерді көтерген аталмыш мақаласының мазмұны өте маңызды. Елбасы тарихқа терең үңіліп, қазақ халқының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі зор екендігін нақты дәлелдермен келтіріп отыр. Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК директоры Салтанат Ақселеуқызы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Президент Ұлы даланың жеті қырын: Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия,  Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі,  Ұлы жібек жолы, Қазақстан - Алма мен қызғалдақтың отаны деп көрсетеді. бұл - халық көкейінде жүрген талай-талай дүниелерді дөп басып айтқан, тарихи туынды.  Барлық түркі халықтарының алтын бесігі болған киелі Қазақстанның жаңа кезеңге сай дамуы аса маңызды екені даусыз. Білім мен ғылымды дамыту арқылы біз кемел болашаққа қарай нық қадамдар жасай аламыз», - дейді Салтанат  Ақселеуқызы.

Оның айтуынша, күллі түркі тілдес ел Қазақстанды «қара шаңырағы» ретінде танып, сол туыстық қарым-қатынасты дамыту және мәдени мұрамызды сақтап қалу үшін Елбасы бірнеше ірі жобаларды ұсынды. Оны жүзеге асырудың жолдары да көрегенділікпен көрсетілген.  Олардың ішінде рухани астана - Түркістан мен ежелгі Отырар тарихын қайта жаңғырту, түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру сияқты тың бастамалар бар. Тарихымызды түгендеуге қажетті дүниелерді тануға, табуға, түбегейлі зерттеуге мейлінше мән беріледі. 

«Мақалада көрсетілгендей, ұлтымыздың болмысына, дәстүріне, ділі мен тіліне, тарихтағы тұлғаларымыздың жүріп өткен жолына қатысты болжам емес нақты деректер табуға жол ашылатыны көңіл қуантады. Сондай-ақ, батыр, қаһарман, ақын-жазушы тұлғаларымыз туралы тарихи кинолардың түсірілетіні де орынды. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деді Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев.   Иә, тарихты білу - ұрпақ алдындағы парызымыз, ол ертеңіміз үшін аса қажет. Бұл бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қаралады. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді және оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.  Ел басының мақаласы дәл кезінде уақытпен үндесіп, ұлттық рухты оятып, тарихымызды әлемді шарлап, түгендегелі отыр», - деп атап өтті орталық директоры.

Салтанат  Ақселеуқызының пікірінше, елімізде ежелгі мәдениетімізді көрсететін мұражайлар ашылады. Ал ескі Отырар қаласы қалпына келтіріліп, туристердің қызығатын орнына айналмақ.

«Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруге үндейді. Яғни, құр тарихи деректер емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз түркі әлемінің бесігі Тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр. Біздің әлемдегі ешбір ұлттан кем емес екендігімізді дәлелдейді. «Қазақстандықтар өзінің ұлы тарихымен мақтануы керек», - дейді ол.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум