Толассыз жауған қар Жаңа Зеландиядағы әуежайлардың жұмысына кедергі келтірді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қалың қар Жаңа Зеландияда автокөлік қозғалыстарына кедергі келтірген, көптеген қалалардағы әуе рейстері уақытша тоқтап тұр.

Толассыз жауған қар  Жаңа Зеландиядағы әуежайлардың жұмысына кедергі келтірді

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.

Журналистердің мәліметі бойынша, қар жаууы бүгін басталып, қатты жел соғып, жаңбыр жауған. Күні бойы қар толассыз жауған ел астанасы - Веллингтонда барлық әуе рейстері кейінге қалдырылды.