Толассыз жауған жаңбырдан Ақтау көшелерін су басты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақтау қаласында төтенше жағдай орнады. Жаңбыр салдарынан қала көшелерін су басып, коммуналдық қызмет күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Толассыз жауған жаңбырдан Ақтау көшелерін су басты

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаланың 5 көшесін су басқан.

null  

«Ақтау қаласында және Мұнайлы ауданында жаңбыр салдарынан 7 участокты және 5 көшені су басты. Жаңбырдың суын ағызу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері, 2 техника, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің 30 қызметкері мен 9 көлігі және 13 су сорғыш техникасы жұмылдырылған», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Руслан Иманқұлов.

null  

Жалпы, оның айтуынша, бұл жағдай бірінші жыл  қайталанып отырған жоқ.

«Негізгі себеп - жаңбыр. Ал, көшелерде су ағызатын арықтардың жоқтығы, арық жүйесінің ақауы жағдайды ушықтырып жіберді. Бұл жүйелерді ретке келтіру тікелей әкімдіктің мойнында», - дейді Иманқұлов.

null  

Ал, аймақтық БАҚ-тардың хабарлауынша, түннен бері Ақтаудың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. «Қала жолдары» ЖШС алдағы екі күн бойы демалыссыз жұмыс істейтіні хабарланған. Бүгін түнде көшедегі суды сорғызу үшін бес көлік, таңғы сағат 05.00-де тағы екі көлік тартылған.

Полицейские Мангистау просят водителей быть предельно внимательными на дороге. __ Комментарию без лайка 2000 тг на баланс🤗

Публикация от ВИДЕО КАЗАХСТАН🍉 (@dubsmash_kaz) Мар 20 2017 в 10:57 PDT