Төлдеу маусымы: күйек дегеніміз не?
АСТАНА. KAZINFORM - Күйек байлау – қошқар мен текенің беліне күйек киізін байлау шарасы.

Қой саны тым көп болса қошқар мен текені бөліп бағатын. Өте көнеден қалыптасқан дәстүр бойынша, саулық малдан қошқар мен текені бөліп алу шарасы, шартты түрде күйек байлау немесе қошқар бөлу деп аталады.
Күйек байлау белгіленген тәртіп бойынша, жүргізіледі. Ол есепшілер тілімен айтқанда Үркер жұлдызы көтерілген уақытта жиналады. Қазақ жерінде, күйек байлау маусым айының аяғында басталып, шілденің басына дейін созылады.
- Бұл әр жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты. Күйек байлау қошқар мен текенің бас көтеруі басталар алдында, яғни саулықтың күйлеуі күшейген кезде жүргізіледі. Солтүстік пен таулы өңірлерде, шілденің аяғында болады. Қойшы өрісте қошқар немесе текені қадағалап отырады. Қошқар-текенің басын көтеріп, кегжитіп саулықтың артынан ере бастауын малшылар тілінде күйі келді, күйті келді, қошқар-теке жүгірді дейді. Осы кезде күйек байлау шарасы жүріледі, - деп түсіндіреді «Қарақат» шаруа қожалығының бақташысы Мүбарак Әмалиат.
Биылғы төлдеу науқаны қалай өтіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.