18:39, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Талдықорғанда пластикті кәдеге жарату цехы өртеніп жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Талдықорған қалыснда Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехы өртеніп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ өрт сөндірушілері Талдықорған қаласы Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехындағы өртті сөндіріп жатыр.

Өрт сөндірушілер жоғарғы рангпен істеп жатыр.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына жеке құрамның 40 адамы және 13 техника жұмылдырылды.

Басқа нысандарға қауіп жоқ.
Айта кетелік Астанада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенген еді.