Төлеби ауданында жаңадан салынған емханада жеті елдімекен тұрғындары емделеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында жергілікті 20 мың тұрғынға қызмет етуге шақталған ауылдық емхана ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бірінші Мамыр ауылдық округі тұрғындарының қуанышымен бөлісуге барған облыс əкімі Жансейіт Түймебаев ғимараттың ішін аралап көріп, медициналық нысан ұжымын халық денінің саулығы үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

«Жаңадан бой көтерген емхана дендеріңіздің сау болып, емен-жарқын өмір сүрулеріңізге себепші болсын. Мұнан бөлек, былтыр, 2018 жылы ауданда модульдік конструкция әдісімен жобалық құны 210 млн теңгені құрайтын 7 медициналық бекет салынды. Олар - Оңтүстік, Жоғарғы Қасқасу, Қорған, Әңгірата, Алшалы, Ақайдар, Төңкеріс елді мекендеріндегі нысандар. Осынау медициналық ғимараттар аудан халқының игілігіне қызмет ете берсін!», - деді аймақ басшысы.
null

Айта кетейік, Бірінші мамыр ауылдық округіне Бірінші Мамыр, Тағайна, Ынтымақ, Алғабас, Жаңажол, Бейнеткеш, Зағамбар елді мекендері қарайды. Жаңа нысан осынау жеті ауылдағы 19 799 адамға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін болады. Мұнда бір ауысымда 100 адам келіп ем қабылдай алады. Сонымен бірге, ғимаратта 1 топ дәрігерлік жедел медициналық жәрдем көрсету бөлімі де орналасқан.
null

Мұнан кейін, аймақ басшысы Достық ауылдық округіне қарасты Ақайдар-1 елді мекеніндегі модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректің жұмысымен танысты. Ғимарат 600-ден астам тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Жалпы, Төлеби ауданында 54 денсаулық сақтау мекемесі жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар