Төлем қабілеттігін растамаған 2008-2010 жылдарғы Тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар пәтерлерін алмайды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Төлем қабілеттігін растамаған 2008-2010 жылдарғы Тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар пәтерлерін алмайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
None
None

2009 жылы Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтерлерді алатын азаматтардың тізімін бекітті. Алайда, аталмыш бағдарлама қатысушыларының дені «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жолдама алуға келген жоқ және төлем қабілеттіктерін растайтын анықтаманы ұсынбаған. 2008 жылдың 19 шілдесіндегі ҚР Үкіметінің №711-інші қаулысымен бекітілген Тұрғын үйді үлестіру ережесінің 13-3 бөлігіне сәйкес, өтініш беруші құзырлы органға өзінің төлемге қабілеттігі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

«Осы ретте, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы 2008-2010 жылдарғы Мемтұрғын үй бағдарламасына қатысушыларға ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін тұрғын үй комиссиясының жұмыс органы - Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына келу қажеттігін айтады. Егер төлемқабілеттілікке теріс бағалау берілген жағдайда немесе анықтама уақытылы ұсынылмаса, тұрғын үй комиссиясы аталмыш Ереженің 14-4 бөлігіне сүйеніп, 2008-2010 жылдарғы Мемтұрғын үй бағдарламасына мұндай қатысушыларды баспана алатындардың тізімінен шығаруға құқылы», - делінген таратылған хабарламада.

Тұрғын үй басқармасына дереу уақытта келуі тиіс азаматтардың тізімдері әкімдіктің www.astana.kz сайтында орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар