Төлеутай Рақымбеков Ғылыми институт өкілдерімен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне «Ауыл» саяси партиясынан үміткер Төлеутай Рақымбеков бүгін Алматыда бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төлеутай Рақымбеков Ғылыми институт өкілдерімен кездесті

Жұмыс сапарын Төлеутай Рақымбеков Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтын аралаудан бастады.
null null

Сонымен қатар, үміткердің штабы арнайы көрмені, жатақханаларды, химиялық талдау зертханасын тамашалады.

Қазақ инженерлік институтында президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков сайлаушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Ол Қазақстанның агороөнеркәсіп кешенін дамытуды ұсынды. Сонымен қатар жол, су, электр қуаты, байланыс, интернет мәселесі өзекті екенін жеткізді. Жиналғандар үміткерге алаңдатқан сұрақтарын қойды.

Алматы облысында Президенттікке үміткер "Қаскелең" агропаркін, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу орталығын аралап көрді. Әрбір нысанда Төлеутай Рақымбеков өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
null


nullnull

null

null null
null
null null