17:14, 26 Мамыр 2019 | GMT +6
Төлеутай Рақымбеков веломарафонға қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Ауыл" халықтық-демократиялық саяси партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рахымбеков сайлаушылармен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өткен веломарафонға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спорттық шараға шамамен 300 адам қатысты. Төлеутай Рахымбеков бастаған веломарафон қатысушылары 20 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті.