Төлеутай Рақымбековтің штабы Шымкент тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтің штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
None
None

Т. Рақымбековтің сенімді өкілдері Шымкент қаласында ұйымдастырылған мерекелік концертте жиналғандарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты. Шараға қала тұрғындары, жастар қатысты.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді. Қазіргі таңда кандидаттар жұртшылықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Авторы: Әлихан Асқар

Соңғы жаңалықтар