Толқын теңізге ағызып әкеткен балаларды балықшы құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сахалиндегі Чехов ауылында дүйсенбі күні кешкісін толқын теңізге ағызып әкеткен бозбалаларды балықшы құтқарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Толқын теңізге ағызып әкеткен балаларды балықшы құтқарды

Жасөспірімдер пенопластан сал жасап, жүзбек болған. Олардың ойынынан от шығуға аз-ақ қалды.

«Балаларды құтқаруға жергілікті балықшы да қатысты. Ол қайықпен теңізге шығып, оларды қуып жеткен де жағаға әкеліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған», - делінген хабарламада.

Абырой болғанда, балалардың ешбірі зардап шекпеген.