Толық адамдарды көлік апатынан аман алып қалудың жолдары қарастырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Humanetics компаниясы жаңа манекендер құрастыруда. Олар артық салмақты жүргізушілер мен жолаушыларға ұқсатылып жасалған. Қазір мамандар бір нұсқасын құрастырды. Ол 124 келі салмақтағы және дене салмағының индексі семіздіктің екінші деңгейіне тең адамға ұқсатылып жасалған. Дене салмағының индексі (ДСИ) - бұл салмақ пен бойдың арақатынасы.

Толық адамдарды көлік апатынан аман алып қалудың жолдары қарастырылуда

Humanetics басшысы Крис О'Коннордың сөзіне қарағанда, артық салмақтан зардап шегетін адамдардың апатта қаза табу қаупі өзгелерге қарағанда 78% жоғары.

Сондай-ақ ол жол көлік апатында жарақаттарды алу қартаю деңгейіне де байланысты екенін атап өтті. Мәселен, 50 жастағы адамда ауыр жарақат алу қаупі 20%-ға, ал 80 жастағы адамдарда 40%-ға артады, деп жазды kolesa.kz.