Том Хэнкс: Трамптың Ақ үйге оралуы – трагедия

АСТАНА. KAZINFORM – Атақты Голливуд актері Том Хэнкс республикашыл Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты АҚШ-тан кетіп қалды. Бұл туралы The Direct хабарлады.

Том Хэнкс
Фото: The Direct

Бұл туралы актердің қоштасу хатында өзі мойындағаны атап өтілген.

– Мен ауыр жүрекпен және одан да ауыр чемоданмен хабарлаймын: мен елден ресми түрде кеттім, – деп жазған актер.

Хэнкстің айтуынша, Трамптың Ақ үйге оралуы актер үшін трагедия.

– Сайлау нәтижелерін көргенде мен өз-өзіме: «Жүгір, Форрест, жүгір!» дедім. Мен дәл солай істедім, – деп қосты ол өзі басты рөлді сомдаған фильмдегі Форрест Гампты меңзеп.

Актер жанкүйерлерін АҚШ-тан біржола кетті деп ойламауға шақырып, Трамптың президенттік мерзімі аяқталған соң елге оралуы мүмкін екенін айтты.

Анықтама үшін, Томас Джеффри Хэнкс – американдық театр, кино, теледидар актері, продюсер, кинорежиссер, сценарист және жазушы.

Хэнкс өзінің актерлік мансабын теледидарлық және комедиялық фильмдердегі рөлдерден бастады және Филадельфиядағы (1993) және Форрест Гамптағы (1994) басты рөлдері үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясында екі рет Оскар сыйлығын жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар