Том Круздың қызы әкесінің тегінен бас тартты

Том Круз
Фото: feme.ua

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық актер Том Круз бен оның бұрынғы әйелі Кэти Холмстың қызы Сури әкесінің тегінен бас тартамын деп шешім қабылдаған. Бұл туралы Lenta.ru жазды.

21 маусым күні бойжеткен мектепті тәмамдап, аттестат алу рәсімін анасымен бірге мерекелеген. Актер шараға қатысқан жоқ. Басылым мерекелік рәсімде оның брошюрасында Сури Ноэль ретінде көрсетілгеніне назар аударып отыр. 

Бұған дейін Том Круздың қызы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін әртіспен араласпайтынын жариялаған болатын. 

Круз бен Холмс 2006 жылдан 2012 жылға дейін некеде болған. Ажырасқаннан кейін актриса қызының жалғыз қамқоршысы ретінде бекітілген. Ал бұрынғы күйеуі қызымен араласып тұруға рұқсат алды. Суридің әкесімен араласып тұруына анасы Круздың саентологияға деген қызығушылығына байланысты қарсы болғаны белгілі. Соңғы жылдары актер қызымен мүлде араласпай кеткен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram