Том Леффлер: «7 мамырда Головкиннің келесі қарсыласы кім екендігін білетін боламыз»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер The Ring-пен 7 мамырда болатын Сауль Альварес пен Амир Хан жекпе-жегінен не күтетінін айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«Бұл маңызды оқиға болуы тиіс. Біз оның (Головкиннің) келесі қарсыласы кім болатындығын көргіміз келеді. Соққысы мықты ірі жігіт болады деп ойлаймын. Бұл жақсы стилистикалық жекпе-жек болады деген пікірдемін. Онда Альварес Ханды жеңе ала ма, жоқ па... соны көреміз».