Том Леффлер: Бүгін Головкин әлемге өзінің аса қауіпті боксшы емес екенін көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин мен Джейкобстің жекпе-жегінен кейін промоутер Том Леффлер өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол бокс кеші аяқтағаннан кейінгі өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі жекпе-жектің қорытындысы жаңа қарсылас іздеу кезінде көп пайдасы тиетінін атап өтті.

«Бүгін Головкин әлемге өзінің аса қауіпті боксшы емес екенін көрсетті. Мүмкін, енді басқа боксшылар мен промоутерлер Геннадийдің қауіпті емес екенін көріп, келісімшартқа қол қоятын шығар. Осыған дейін олар тек желеу айтып құтылатын», - деп атап өтті Леффлер.

Осыған дейін нокауттар сериясын жалғастырып келе жатқан жерлесіміз  Геннадийге көптеген боксшылар сескене қарап, қарсы шығуға жүрексінетіні айтылып келген болатын. Сондықтан болар, олардың промоутерлері де тәуекелге бел бууға қорқатын.

Соңғы жаңалықтар