11:56, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Том Леффлер: Егер Джейкобс Головкинді жеңсе, бокс шыңына шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Fightnews.com порталына берген сұхбатында алдағы GGG мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

- Бұл айқасты өткізуді WBA міндеттеді. Бұл тамаша жекпе-жек. Екі жігіт те көп нәрсе ұтары анық. Геннадий «нөмірі екінші» орта салмақ боксшысын жеңіп, әлемдегі үздік орта салмақ боксшысы ретінде өз позициясын нығайтуы мүмкін. Ал Джейкобс Головкинді жеңсе, көз ілеспес жылдамдықпен орта салмақтың ғана емес, тұтас бокс шыңына көтеріледі. Егер Джейкобс GGG жеңсе, барлық белбеуге ие болады. Осылайша, Дэнниге Головкиннің барлық атақтарын алу мүмкіндігі беріліп отыр. Көпшіліктің пікірінше, Головкинді жеңетін бір ғана адам бар, ол Джейкобс. 18 наурыз күні барлығы осы айқасқа назар тігетін болады, - деді Леффлер.