Том Леффлер: «Головкин-Альварес айқасы туралы ауызша келісімді жазбашаға айналдыру керек»

- Меніңше, келесі қадам шынайы болуы үшін міндетті келісімнің болуы шарт. Биылғы жылдың қыркүйек айында Головкин мен Альварестің айқасқа түспейтіні белгілі болды. Демек, келесі жылдың қыркүйек айын қарастыруымыз керек. Және біз келесі жылы өтетін Головкин мен Канело төбелесінің кестесін құратын болсақ, нақты бір шешімге келер едік.
Golden Boy промоутерлік компаниясымен ара қатынасым жақсы, оның вице-президенті Эрик Гомеспен үнемі байланыстамын және осы мәселенің шешілуін тағатсыздана күтеміз.
Канелоны біреуден қорқады деп ойламаймын. Ол Геннадиймен төбелесуді қалайды. Олар тек маркетинг және промоушен жағын реттеп алғысы келеді. Бұл бір жыл ғана, сол себепті оларға кінә таға алмаймын. Бұл Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо шайқасы секілді бес жылдық процесс емес. Біздің еркіміз болғанда, Канеломен анағұрлым ертерек айқасар едік.