19:09, 06 Шілде 2016 | GMT +5
Том Леффлер: «Головкин - Альварес айқасының өтеріне кепілдік жоқ, бірақ жекпе-жектің боларына сенімдімін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер ешқандай кепілдік болмаса да, көптен күткен Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегінің боларына сенімді, деп жазды Sports.kz.
«Екі жігіттің де орта салмақта сұранысқа ие екенін, Канелоның келесі айқасы бірінші орта дәрежеде боларын есепке алар болсақ, Головкин мен Сауль Альварес айқасының боларына кепілдік бере алмаймыз. Golden Boy-мен келіссөздер жүргізуде мен тек қана ішкі түйсігіме сүйенемін. Алайда, Канелоның нағыз жауынгер екеніне сенімдімін және жекпе-жек келесі жылы өтеді деген ойдамын», - дейді Леффлер.
Промоутер Головкиннің танымалдығы және рингке деген ерекше көңілі жекпе-жектің болуына септігін тигізеді деп санайды.