Том Леффлер: Головкин - Альварес жекпе-жегі Техастағы аса маңызды оқиға болар еді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзінің Техастағы - Сан-Антониода Остин Траутпен, Хьюстонда Джеймс Киркландпен өткен екі жекпе-жегінде Сауль Альварес шамамен 70000 көрерменді жиды.
Бұл Геннадий Головкиннің мүдделерін қорғайтын K2 Promotions басқарушы диреторы Том Леффлердің назарын аударды, деп хабарлады Sports.kz.
- Геннадий Нью-Йоркте жекпе-жекке шыққанда калифорниялық жанкүйерлерден «Мен Калифорниядамын, Головкинді Калифорнияға қашан әкелесіздер?» деген өтініштер көп түсті. Мұндай өтініштерді Техастық жанкүйерлерден де естідім.
Егер Геннадий Сан Антонио немесе Далластағы Cowboys стадионында болсын (мұнда Альварес пен Киркланд жекпе-жегінің 31 мың билеті сатылған) Канело Альвареспен кездессе, 40, 50, 60 мың билет сатылар еді. Бұл аса маңызды оқиға болар еді. Біз осыны көздеп отырмыз, - дейді Леффлер.